Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376-59-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 376-58-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
сентябрь
2019

ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»

Жемқорлық – індет, оның алдын алу міндет.

Отанымыздың негізін қалаушы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің әрбір Жолдауында осы індеттің алдын алудағы мемлекеттің басты бағыттарын айқындап отырды.«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында Елбасы сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын, сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейтілетінін атап өтті.

Жаңадан сайланған Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы да өзінің сайлауалды бағдарламасында жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізілетінін жеткізді.Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды.Осыған орай Алматы қаласы, Бостандық ауданы №63 ЖББМ-те «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» өтті.

Жалпы Адалдық дегеніміз не?

Мұның жауабын іздеуде әрине, адам бойындағы асыл қасиеттер еске түседі. Демек, асыл қасиет деп - еңбексүйгіштік, достық, әдептілік, шынайылық, адамдарға көмек беру, қоғамға қызмет ету, құрметтеу, жақсылық жасау, кішіпейілдік. Бұл қасиеттер - әрбір адамға тән, жақсы өмір сүрудің шарты.

Адамда асыл қасиеттермен қатар жағымсыз қасиеттер де болады. Олар – жалқаулық, сараңдық, пайдакүнемдік, менмендік, мақтаншақтық, қулық, екіжүзділік, қатыгездік, ашу, ызақорлық, тағы басқа.

Осылайша, адам бойында ізгі қасиеттер неғұрлым биік тұрса, ол адамның аты да, болмысы да жоғары болмақ және ол адам сымбатты да, парасатты көрінеді.  

Адалдық –  адам бағасының бір өлшемі де іспетті. Жеке тұлғалар мен адамдардың абырой - атағын арттыратын ізгі қасиет.

Әрдайым есте ұстаңдар: Өзіне - өзі сенімділік туа біткен қасиет емес, демек, оны адам өзінің бойында дамытуы тиіс. Сенім - жетістіктің кілті, ал сол кілт өздеріңнің әрқайсыңның қолыңда