Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376-59-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 376-58-08
Версия для
слабовидящих
16
май
2019

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні.

Жыл сайын бүкіл әлемде 15-ші мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі, бұл кез-келген мемлекеттің демографиялық саясатымен бірге әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты ықпал ететін қазіргі қоғамдағы негізгі іргетасы ретінде отбасының маңыздылығын көрсетеді. Бұл мереке әлемдегі әрбір «қоғам ұяшығының» қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Қоғамның басты элементі ретінде отбасы тұрақтылық пен дамудың басты факторы болып табылады.Осыған орай №63 ЖББМ-те Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы болып өтті.Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды. Дүниенің ең тамаша туындысы - тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Ал берекелі отбасының ата-анасы өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс.