Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376-59-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 376-58-08
Версия для
слабовидящих
19
апрель
2019

«Қызыл алма» фестивалі

Көктемнің мамыражай шуақты күндерінде Бостандық ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 17 сәуір күні №63 Общеобразовательная школа те ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың арасында «Қызыл алма» атты ән фестивалі өткізілді.Бұл фестивальдің ерекшелігі, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды жалпы ортада әлеуметтендіру, олардың шығармашылық қабілеттерін ашу және патриоттық, адамгершілік тәрбие беру.
«Қызыл алма» фестивалінің міндеті: оқушыларды қаланың қоғамдық мәдени өміріне араластыру және оқыту процесінде баланың жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туғызу,олардың жетістігін насихаттау болып табылады. «Қызыл алма» фестивалі Алматы қаласында екінші мәрте ұйымдастырылып жатыр. Жыл сайын бұл байқау өз аудиториясын кеңейтуде деген ойдамыз.
Аудандық «Қызыл алма» фестиваліне №63, №70, Ш.Құдайбердіұлы атындағы №190 мектеп, №140 гимназия оқушыларынан 7-15 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Фестивальге қатысушы әрбір оқушы жанды дауыста екі ән шырқады. Қатысушының қалауы бойынша олар қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдеріндегі хит әндерді және балалар кинофильмінен және мультфильмнен алынған әндер орындады.
Жеребе бойынша әр қатысушы өзінің реттік нөмірін алды. Концерттік бағдарламаны бірінші болып Ш.Құдайбердіұлы атындағы №190 мектептің 4 оқушысы Тлеужан Балым «Ертегілер» әнімен ашты. Байқауда өнер көрсеткен 5 үміткердің өнеріне өресі сай болып байқауға келген көрермендерге үлкен қуаныш сыйлап, өздерінің шоқтығын дәлелдеді.
Байқау талаптарын орындауда биіктен көрінген №70 Общеобразовательная школа тің 2 сынып оқушысы Муратов Диас Гран-при иегері атанды.I орынды №63 Общеобразовательная школа тің 3 сынып оқушысы Багжан Алихан қанжығасына байлады. II орынды Ш.Құдайбердіұлы атындағы №190 мектептің 4 оқушысы Тлеужан Балым және №63 мектептің 5 сынып оқушысы Таженов Шахрияр теңдей бөліп алды. III орынды М.Мақатаев атындағы №70 гимназияның 2 сынып оқушысы Ерғали Дания иеленді. Байқаудың барлық қатысушылары бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың өнерлері рухани құндылықтарға толы болды. Сайыс көріністері әдемі де ажарлы тыңдаушылардың шөлін қандыратындай азық болды.
Таженов Шахрияр № 63 ОШ


Тлеужан Балым № 190 ОШ


Багжан Алихан № 63 ОШ


Муратов Диас № 70 ОШ


Ерғали Дания № 140 гимназия




Похожие публикации:

18 апрель 2019 20 ИГІ ІС
28 январь 2015 Хабарландыру